Бүгін Теһранда 6 ел Парламенті төрағаларының конференциясы өтеді
Жел 08, 2018 14:22 Asia/Almaty
Бүгін Теһранда Иран, Ауғанстан, Пәкістан, Түркия, ҚХР мен Ресей Парламенттері төрағаларының екінші конференциясы өтеді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани мен ИИР президенті Хасан Рухани және қатысушы елдер Парламенттерінің төрағалары конференцияда сөз сөйлейді.
Лаңкестікпен күрес, тәжірибелер, қазіргі кездегі стратегиялар, жаңа және әсерлі аймақтық тәсілдерді қолданып, байланыстарды кеңейту, аймақаралық ынтымақтастықты нығайту, аймақта бейбітшілік орнату мен жан-жақты әрі тұрақты даму үдерісін ілгерілету конференцияда талқыланатын маңызды тақырыптардың қатарын құрайды.
Тегтер