Рухани: Иран – лаңкестіктің ең үлкен құрбаны
https://itolqyn.com/news/iran-i40275
Иран президенті лаңкестік оқиғаларының Иран үкіметі мен халқының лаңкестіктің формаларымен аяусыз күрестегі ерік-жігеріне зәрредей нұқсан келтірмегенін, келтіре де алмайтынын баса айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 08, 2018 15:32 Asia/Almaty

Иран президенті лаңкестік оқиғаларының Иран үкіметі мен халқының лаңкестіктің формаларымен аяусыз күрестегі ерік-жігеріне зәрредей нұқсан келтірмегенін, келтіре де алмайтынын баса айтты.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран президенті Хасан Рухани бүгін сенбі күні 6 ел Парламенті төрағаларының екінші отырысының ашылу салтанатында ИИР-ның құрылған күннен бастап қазіргі таңға дейін лаңкестіктің ең үлкені құрбаны ретінде бұл сұрқия құбылыспен бетпе-бет болып келгенін баяндап: "Иран бұл салада ауыр адами және қаржылай шығындарға ұшырады.

1981 жылы бомбалау кезіндегі лаңкестік әрекеттер мен соңғы 40 жылдың ішінде бүгінгі таңда Еуропа мен АҚШ-та батыс елдерінің қамқорлығындағы лаңкестік топтардың 17 000-нан астам қарапайым халықты шәһид етуі осындай шығындар қатарына жатады", - деп мәлімдеді.

Иран президенті: "ҚХР-мен сауда соғысын бастап, Пәкістанды кінәлап, Ауғанстанды кемсітіп, Түркияны жазалап, Ресейге қоқан-лоққы жасап, Иранға санкция салған мемлекет келісімдерді бұзушылардың алдыңғы қатарында орналасқан, сондықтан біз АҚШ-қа қарсы тұрамыз",- деді.