Америкалықтар адам құқығына коммерциялық көзқарас тұрғысынан қарайды
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "АҚШ президентінің біржақтылығы қауіпті. Бұл әрекеттер АҚШ үкіметінің адам құқықтарына коммерциялық көзқарас тұрғысынан қарайтынын көрсетіп отыр",- деді.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Әли Лариджани Теһранда лаңкестікпен күрес тақырыбына арналған алты мемлекет Парламенті төрағаларының екінші конференциясында сөйлеген сөзінде АҚШ президенті Дональд Трамп әрекетінің адам құқықтары жөніндегі органдардың көзін жойып, мемлекеттердің үмітсіздігін тудырғанын айтты.
Лариджани АҚШ пен кейбір елдердің лаңкестікпен күрес туралы уәж айтып, алайда іс жүзінде лаңкестікті құрал ретінде пайдаланатынын еске салып: "Мұндай әрекеттер аймақ елдерінің лаңкестікпен күресу үшін аймақтық жүйені реттеуді ойластыруына себеп болды. Белгілі дәрежеге дейін табысты болған Сирия дағдарысын шешу мақсатындағы Иран, Түркия мен Ресейдің ынтымақтастығы осының айқын мысалы.
Америкалықтар біржақтылықты көздеп келген әлемде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мен жауапты органдар да өз міндеттерін атқармайды",- деп баса айтты.