Теһранда азиялық 6 мемлекет Парламенттері төрағаларының отырысы басталды
https://itolqyn.com/news/iran-i40279-Теһранда_азиялық_6_мемлекет_Парламенттері_төрағаларының_отырысы_басталды
Бүгін сенбі күні Теһранда Иран, Ауғанстан, Пәкістан, Ресей, Түркия мен ҚХР Парламенттері төрағаларының екінші конференциясы басталды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 08, 2018 18:09 Asia/Almaty
  • Теһранда  азиялық 6 мемлекет Парламенттері төрағаларының отырысы басталды

Бүгін сенбі күні Теһранда Иран, Ауғанстан, Пәкістан, Ресей, Түркия мен ҚХР Парламенттері төрағаларының екінші конференциясы басталды.

Теһранда өтіп жатқан отырыста алты ел Парламенттерінің төрағалары заң шығару үдерісін реттеу тәжірибесі, лаңкестікпен күрес стратегиясы мен парламенттер арасындағы ынтымақтастық жайлы сұхбаттасады.

Аймақтағы маңызды әрі ықпалды мемлекеттердің Парламент басшылары деңгейінде Теһран отырысына қатысуы мен осы отырыстағы тақырыптар аймақтың қауіпсіздік саласында жаңа бағыттардың пайда болғанын көрсетеді.

Тәжірибе кейбір аймақ елдерінің әрекеттері мен бөгде елдердің араласушылығының іс жүзінде аймақтан тыс алып державалардың билікқұмар саясаттарын жүзеге асыру құралына айналғанын дәлелдеді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани ҚХР Парламентінің төрағасы Чжан Дэцзянмен кездесуінде осы мәселеге тоқталып: "АҚШ ДАИШ-тың көптеген мүшелерін Ауғанстанға көшірді. Бұл жайт Ирак пен Сирияда пайда болған қиындықты Азияның басқа аймақтарында да тудыра алады",- деді.

Мұндай әрекеттер аймақта қауіпсіздік орнатуға үлес қоспауымен қоса, аймақтағы қауіпсіздік мәселелерінің бір бөлігіне айналады. Қолда бар құжаттар АҚШ ұшақтарының лаңкестерге қарсы әуе шабуылдарын жасамағанын, тіпті кейбір жағдайда оларға көмек көрсетіп немесе ДАИШ басшыларын Сирия мен Ирак әскерлерінің қоршауынан құтқарғанын көрсетіп отыр.

Ресейдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Петрушев аймақ қауіпсіздігі туралы отырыс өткізуді лаңкестікпен күрес саласындағы аймақтық үйлесімдікті арттырудағы әсерлі қадам деп бағалап: "Лаңкестік – біздің ортақ дұшпанымыз. Сондықтан аймақ елдері онымен күресу үшін бір-бірімен және халықаралық ұйымдармен әрекеттестік жасап, бар күштерін салуы керек",- деді.

Лаңкестікпен күресте ортақ механизмдерді қолдану қажеттігі мен аймақ елдерінің осы саладағы күресіне байланысты аймақтағы қазіргі қалыптасқан жағдайда Теһран отырысын өткізу екі есе маңызды. Ащы шындық мынада: лаңкестік қаупі әлі де шынайы болып, кең етек жайы жатыр. Бейсенбі күнгі Иранның оңтүстік-шығысындағы Чабаһар ауданында орын алған лаңкестік шабуылды осы саладағы ең жаңа мысал деп атауға болады.

Чабаһарда жасалған лаңкестік шабуыл аймақта тынышсыздық тудыру мақсатындағы ұйымдастырылған талпыныстардың жалғасып жатқанын көрсетіп отыр. Бұл оқиға әлемдіктерге лаңкестікпен күрес жайлы кейбір жалған уәж айтушылардың екіұшты қатынасы мен олардың лаңкестерге қолдау көрсетуінің теріс салдарын тағы дәлелдеді.