Пәкістан ұрланған ирандық шекарашылар мәселесін шешуге уәде берді
(last modified Sun, 09 Dec 2018 08:48:43 GMT )
Жел 09, 2018 14:48 Asia/Almaty

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Лариджани Пәкістан армиясы мен қауіпсіздік қызметінен ұрланған ирандық шекарашыларды тез арада босату үшін белсендірек әрекет ету сұралғанын, олардың бұл мәселені шешуге уәде бергенін, Иранның осы істі қадағалап отырғанын айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Әли Лариджани сенбі күні Иран, Ауғанстан, Пәкістан, Түркия, Қытай мен Ресейдің Парламент төрағаларының екінші конференциясынан кейін отандық және шетелдік тілшілермен өткен баспасөз отырысында ұрланған ирандық шекарашылардың жағдайы туралы: «Пәкістанмен шекаралық аймақтағы тынышсыздықтардан кейбір елдердің араласқанын байқадық. Бұл елдердің басшыларына ескерту жасалды. Кейбір елдердің бұл іске қатыстылығы және Пәкістан мен Иранның қарым-қатынасын бұзу үшін жасалғанын көрсететін айқын айғақ-дәлелдер бар»,-деді.

Лариджани АҚШ-тың санкцияларына да тоқталып: «Конференцияға мүше елдер мұндай бүлдіргі қатынастарды қолдамайтындықтарын көрсетті. Америкалықтар осындай істер арқылы нәтижеге жету туралы бос қиялдайды»,-деді.