Теһранда теңіз қатынасын қауіпсіздікпен қамтамасыз ету тақырыбында отырыс басталды
https://itolqyn.com/news/iran-i40329-Теһранда_теңіз_қатынасын_қауіпсіздікпен_қамтамасыз_ету_тақырыбында_отырыс_басталды
Каспий теңізіндегі кеме қатынасын қауіпсіздікпен қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастықтарды талқылайтын төртінші отырыс ИИР, Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей және Түркіменстан өкілдерінің қатысуымен дүйсенбі күні Теһранда өз жұмысын бастады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 11, 2018 16:37 Asia/Almaty
  • Теһранда теңіз қатынасын қауіпсіздікпен қамтамасыз ету тақырыбында отырыс басталды

Каспий теңізіндегі кеме қатынасын қауіпсіздікпен қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастықтарды талқылайтын төртінші отырыс ИИР, Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей және Түркіменстан өкілдерінің қатысуымен дүйсенбі күні Теһранда өз жұмысын бастады.

Бұл отырыста Каспий теңізіндегі кеме қатынасын қауіпсіздікпен қамтамасыз ету және кемелерді бақылау туралы әлем теңіздерінің құқықтық мүмкіндіктерін пайдалану туралы мәселелер талқыланады. Каспий теңізіндегі кеме қатынасының қауіпсіздігін сақтау мен әлемнің ең үлкен көлі саналатын теңіздің қоршаған ортасын қорғау мәселелері өте маңызды. 2010-шы жылы Бакуде Каспий теңізінің қауіпсіздігі саласында ынтымақтастық меморандумына қол қойылып, екінші отырыс Түркіменстанда, үшінші басқосу Теһранда өткеннен кейін 9 баптан тұратын Протокол жобасы реттеліп, биыл Теһран отырысында Каспий жағалауындағы бес ел өкілдері арқылы бекітіледі деп жоспарланып отыр.

Теһранның отырысы Каспий теңіздегі кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету протоколын талқылау үшін қолайлы мұрсат. Каспий теңізі әлемнің ең үлкен жабық теңізі ретінде жағалауында орналасқан Иран, Әзірбайжан, Ресей, Түркіменстан және Қазақстан елдерімен шектесіп, теңіздің солтүстік-оңтүстік дәлізде орналасқанына байланысты оның қауіпсіздігін қорғау бес елдің басты мәселесі. Каспий жағалауындағы мемлекеттер бірнеше келісімге қол қойып, теңіз мәселелеріне қатысты бірігіп әрекет жасауға дайын екендіктерін көрсетті. Мұндай жағдайда теңіз жағалауындағы барлық елдер қабылдаса, халықаралық кеме қатынасы ұйымының кеме қатынасы мен қауіпсіздік туралы заңдарын Каспий теңізіне қатысты қолдануға болады.

Иранның Порттар және кеме қатынасы ұйымының теңіз істері жөніндегі директоры Надер Пасанде Каспий теңізіндегі кеме қатынасының қауіпсіздігі туралы жаңа стандарттардың бекітілуі үшін бірнеше жыл өту ықтималына сілтеме жасап: «Қазір Каспий жағалауындағы елдердің порттарын зерттеу факторлары әртүрлі. Каспий жағалауындағы елдердің кемелерін белгілі критерийлерге сай тексеріп, бақылау жүргізу үшін теңіздегі кеме қатынасының факторларын бірыңғайлау қажет»,- деді.

Сол себепті теңіз қауіпсіздігі деңгейін Каспий жағалауы елдері мен Халықаралық теңіз ұйымының хаттамалары шеңберіндегі техникалық стандарттарға  сай көтеру қажет. Нәтижесінде ортақ талпыныстар арқылы Каспий жағалауындағы барлық елдердің мүдделеріне жауап беретін келісім жасауға болады.