Жел 12, 2018 16:57 Asia/Almaty
  • Шәһидтерге арналған Конгресс – қасиетті қорғаныс құндылықтары жалғастығының көрінісі

Оңтүстік Хорасан облысының екі мың шәһидіне арналған Конгрес сейсенбі күні Ислам революциясы Сақшылар корпусы қолбасшысының қатысуымен өтті.

Ислам революциясы Сақшылар корпусының қолбасшысы Мұхаммадали Джафари Иранның шығысындағы Оңтүстік Хорасан облысының Бирджанд қаласында өткен Конгресте дұшпанның Иранды бейберекеттікке тіреу әрекеттеріне тоқталып: "Дұшпандар Иранды сәтсіздікке ұшырату туралы армандарын көрге әкетеді",- деді.

Бұл үлкен басқосумен тұспа-тұс Ислам революциясы жетекшісінің қарашаның бесі күні Оңтүстік Хорасан облысының шәһидтеріне арналған Конгресті ұйымдастырушылармен кездесуінде сөйлеген сөзі жарияланды.

Ислам революциясының жетекшісі баяндамасының бір бөлігінде шәһидтерді еске алатын рәсімдерді жақсы өткізіп, олардың естеліктерін жариялау керектігін қуаттап: "Қадірлі шәһидтерміз өмірлерін аямай қорғаныс майдандарына шықты. Бүгін де өздерінің руханиятымен ел мен Исламды қорғауға үлес қосуда. Сондықтан қасиетті қорғаныс аяқталмайды. Бұл – шындық»,- деді.

Ислам революциясының тарихы рухани құндылықтар мен жиһадтық қозғалыстарға толы. Сол құндылықтардың арасында шәһид болу мен жанкештілік – ұмытылмайтын құбылыс. Ислам революциясының жеңісімен өскіндер пайда болып, бүгін күшейіп келеді.

Зерттеуші әрі университет ұстазы Майкл Фишер өзінің "Иран: діни мәселелерден революцияға дейін" деген кітабында бұл мәселеге тоқталып: "Ислам революциясының жеңісімен діни революцияшыл мәдениеттің арқасындағы өзгеріс революция басталып, оның жеңіске жетуіне себеп болды",- деп жазды.

Бұл өзгеріс өткен 40 жылда өз жолын өткеріп, келешек буындарға сабақ берді. Сол үдерісте  шәһидтер ерекше орынға ие. Имам Хомейни оларды адамзаттың шырағы деп атаған. Қасиетті қорғаныс соғысының шәһидтерін еске алу негізінде құндылықтарды қорғауды білдіреді.

Үстемшіл мемлекеттер бар мүмкіндіктерін пайдаланып, өздерінің заңсыз  мақсаттары мен мүдделеріне сай саудиялық коалицияны құрып, Иранның Ислам республикасы жүйесін құлатуды көздеуде. Бірақ, олар еш уақытта өз мақсаттарына жетпейді. Дұшпандардың сәтсіздіктеріне шындықтарды қорғайтын шәһид болуды талап ету рухының жалғасуы себеп болды.

ИИР жылдар бойы зорлық-зомбылық көрген халықтар мен аймақ қауіпсіздігін қорғау жолында көп талпыныс жасады. Осы салада лаңкестікпен күрес пен сионизм мен үстемшілдікке қарсы тұру Ислам революциясының мақтанышы саналады. Талпыныстардың арқасында аймақтағы лаңкестер жойылды. Құндылықтардың жалғасуы мен  талпыныстардың табысты болуы шәһидтердің қанына борыштар. Қасиетті кесенелердің қорғаушылары Сирияда ДАИШ лаңкестік тобына қарсы тұрып, революцияшыл көтерілістің   шәһид болуды талап ету сезімі сынды құндылықтардың мәңгіліктігін көрсетті.

 

 

 

 

 

 

Тегтер