Зариф АҚШ пен одақтастарын аймақ проблемаларына жауапты деп атады
(last modified Fri, 14 Dec 2018 13:23:03 GMT )
Жел 14, 2018 19:23 Asia/Almaty
  • Зариф АҚШ пен одақтастарын аймақ проблемаларына жауапты деп атады

ИИР-ның Сыртқы істер министрі Саддамнан ДАИШ лаңкестік тобына дейінгі аймақтың проблемаларына Иранды емес, АҚШ пен одақтастарын жауапты деп атады.

Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күнгі мәлімдемесінде: «АҚШ пен одақтастары Иранның зымырандары мен аймақтағы әрекеттері туралы екіжүзді сөздерін тоқтатуы керек. АҚШ пен одақтастары йемендіктерді өлтіру үшін қолданылатын жүздеген миллиард долларға қару сатады»,- деді.

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мен Иран істері жөніндегі арнайы өкілі Брайан Хук сәрсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231-ші қарар туралы отырысынан кейін Иранның зымырандық бағдарламасы мен аймақтағы әрекеттерін өзінің Иранға қарсы кейбір уәждерінің себебі деп атады. АҚШ-тың бұл екі саясаткері Иранның зымырандық бағдарламасын Қауіпсіздік кеңесінің №2231-ші қарарына қайшы әрі Иранның аймақтағы маңызды рөлін де бүлдіргі деп атады.

Брайан Хук «Бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер тудырып отырған барлық қоқан-лоққылар Иранның зымырандық бағдарламасынан туындап отыр. Сондықтан Қауіпсіздік кеңесі бұл мәселені шешуі керек»,- деген уәж айтты.

Америкалық басшылардың Иранға қарсы уәждері Дональд Трамп үкіметі кезінде АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандығы әшкереленіп, арта түскен жағдайда айтылып отыр. Осы күндері Иран туралы айтылып жатқан уәждер мен аймақтың қазіргі шындығын бұрып көрсетіп жатқан АҚШ-тың эксперттері мен саясаткерлерінің сөздері мен құжаттарына жасаған шолу аймақ пен әлемге қауіп-қатер тудыратын Иран емес, АҚШ пен оның Батыс Азиядағы одақтастары екенін көрсетеді.

Осындай жағдайда Иранның зымырандық бағдарламасын АҚШ Президенті Дональд Трамптың біржақты зорлық-зомбылық саясаттарын ілгерілету үшін сылтаурату әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін шынайы қоқан-лоққы саналады.

Саддам режимін қолдап, кейін бұл режимді құлату үшін Иракқа қарсы әскери шабуыл жасау, сондай-ақ, саудиялық ваххабизм идеологиясына ие лаңкестік топтарды құру – аймақтың бұрынғы және қазіргі проблемаларының тамыры. Бұл үдеріске АҚШ пен кейбір еуропалық үкіметтер жауапты. Йемен соғысына қараған кезде бұл жауапкершілік екі есе арта түседі.

АҚШ Иранның зымырандық бағдарламасы туралы мәселені көтеріп, Ираннан үркіту жобасын зорайтып көрсеткісі  келеді. Шын мәнінде ирандық зымырандар Таяу Шығыс аймағында ешбір әскери емес бейбіт тұрғынды өлтірген жоқ. Ирак, Сирия және Йемендегі соғыстарға америкалық қарулар ағылып, жазықсыз халықтың өліміне себеп болып жатыр.   

SIPRI ұйымы жариялаған мәлімет бойынша, 2013-2017-ші жылдары АҚШ Сауд Арабиясының қару импортының 61 пайызын қамтамасыз еткен. Одан кейін Британия мен Франция орналасқан. Америкалық «Нью-Йорк таймс» газеті де: «Йеменнің базарлары мен үйлену тойы өтіп жатқан мекенге атылған америкалық және британиялық бомбалардан көптеген жазықсыз, қарапайым халық қаза болды»,- деп жазды.  

Сонымен бірге Ирак пен Сирияның мыңдаған азаматы ДАИШ лаңкестік тобы қаруланған америкалық қарулардан өлді. Бұл лаңкестік топ Сауд режимі мен ваххабизм ой-пікірінің қолдауымен дамып, Ирак пен Сирияда сәтсіздікке ұшырағаннан кейін өз әрекеттерін Ауғанстанға ауыстырды. 

Американың соғысқа қарсы белсенділерінің бірі Медиа Бенджамин елінің Иранға қарсы уәждеріне реакция білдіріп: «Сауд Арабиясы туралы айтыңыздар. Бұл араб мемлекеті әлемдік қоғам үшін ең үлкен қоқан-лоққы»,- деді. Республикашыл сенатор Линдсей Грехам «Уолл стрит жорналға» жазған  мақаласында Сауд Арабиясы мен тақ мұрагерінің саясаттарын Таяу Шығыс аймағының тұрақсыздығының себептері деп атады.