Рухани Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
https://itolqyn.com/news/iran-i40401
ИИР Президенті Қазақстан халқы мен үкіметін ел Тәуелсіздігінің 27 жылдығымен құттықтады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 16, 2018 15:16 Asia/Almaty
  • Рухани Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

ИИР Президенті Қазақстан халқы мен үкіметін ел Тәуелсіздігінің 27 жылдығымен құттықтады.

ИИР Президенті Хасан Рухани жексенбі күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдап: «Иран мен Қазақстан аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігі және исламдық тілеулестікті нығайту жолында ортақ міндеттер мен мүдделерге ие»,‑деп қуаттады.

ИИР Президенті өзара  қарым-қатынастың екі халықтың мүддесіне сай одан ары дамитынына үміт білдірді.

Қазақстан 1991 жылдың 16 желтоқсанында Кеңес Одағынан бөлініп,  тәуелсіздігін жариялады.