Iran Air компаниясының рейстері санкцияға қарамастан жүзеге асырылады
ИИР әуе компаниясының (Iran Air) бас директоры Фарзане Шарафбафи барлық шектеулер мен санкцияларға қарамастан Iran Air әуе кемелерінің әртүрлі бағыттар бойынша рейстерін жүзеге асыратынын хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Фарзане Шарафбафи жексенбі күні кешке Теһранда басталған III Халықаралық тасымал және қосалқы өнеркәсіп көрмесі аясында тілшілерге берген сұхбатында: "Иран көп жылдан бері АҚШ-тың санкцияларына төзіп келеді. Бүгін де санкцияларға қарамастан Iran Air компаниясының әуе кемелері түрлі бағыттар бойынша рейстерді жүзеге асыру үшін негіз жасауымен қоса, өз әуе кемелерін толық жөндеуден өткізіп жатыр",- деп мәлімдеді.
Iran Air әуе компаниясы – ертеден келе жатқан Таяу Шығыстағы белсенді әуе компаниялардың бірі. Қазір әуе компаниясы 40-тан астам ішкі және халықаралық бағыт бойынша рейстерді жүзеге асырады.