Теһранда ЭЫҰ-ның аймақтық бағдарлама кеңесінің отырысы өтті
https://itolqyn.com/news/iran-i40439-Теһранда_ЭЫҰ_ның_аймақтық_бағдарлама_кеңесінің_отырысы_өтті
Кеше дүйсенбі күні Теһранда Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) аймақтық бағдарлама кеңесінің 29-шы отырысы осы ұйымның саясаттары мен стратегияларын анықтау мақсатында мүше елдердің өкілдері және эксперттерінің қатысуымен жұмысын бастады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 18, 2018 16:46 Asia/Almaty
  • Теһранда ЭЫҰ-ның аймақтық бағдарлама кеңесінің отырысы өтті

Кеше дүйсенбі күні Теһранда Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) аймақтық бағдарлама кеңесінің 29-шы отырысы осы ұйымның саясаттары мен стратегияларын анықтау мақсатында мүше елдердің өкілдері және эксперттерінің қатысуымен жұмысын бастады.

Төрт күндік отырыста ЭЫҰ-ның арнайы комитеттері ұйымның әртүрлі жұмыстары туралы пікір алмасады.

ЭЫҰ – 1985-ші жылы Иран, Пәкістан және Түркияның ұсынысымен мүше елдер арасындағы экономикалық, техникалық және мәдени ынтымақтастықтарды дамыту мақсатында құрылған аймақтық экономикалық ұйым. 1992-ші жылы осы ұйымға жеті мемлекет, атап айтқанда Ауғанстан, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан қосылды. ЭЫҰ-на жаңа елдердің мүше болып қосылуымен бұл ұйым жұмыстарының ұзақ мерзімді мақсаттары мүше он елдің мүдделерін қарастыратын болды.  Осыған орай ЭЫҰ-ның жаңа жылғы бағдарламасы аймақтың экономикалық саладағы ынтымақтастықтартын арттыру мен аймақты дамытуға бағытталды. Сол мақсатқа сәйкес транспорт пен коммуникациялық жүйені дамыту аталмыш ұйымның маңызды әрі негізгі бағдарламаларының бірі болды. ЭЫҰ-на мүше елдердің тасымал саласындағы ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлуіне мүше жеті елдің азат суларға шығатын мүмкіндіктерінің жоқтығы себеп болды. Иранның темір жолын Сарахс арқылы Түркіменстанға жеткізу, сөйтіп Иран темір жолын Түркия мен Орталық Азияға қосып, Алматыдан Теһранға дейін темір жол тарту қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатын  көздеді. ЭЫҰ-на мүше елдер өз қарым-қатынастары үшін қажет  5 темір жол дәлізі мен 2 құрлық дәлізі үшін инвестицияны қажет етеді. Өйткені, Алматыдан Бандар Аббасқа, Исламабадтан Теһран бағыттары сияқты маңызды жобаларға инвестиция салу керек. Сондай-ақ, Солтүстік-оңтүстік дәлізі де келесі маңызды жоба саналады. Оның толық іске асырылуы Шығыс-батыс дәлізінің дамуына да себеп болады. Иран ұйымға мүше елдермен құрлық және теңіз шекараларына ие және халықаралық сулармен байланысты болғандықтан бұл ұйымда маңызды рөлге ие. Негізінде Иранның географиялық орны аталмыш ұйымның сауда және экономикалық мақсаттарын іске асыруы саласында стратегиялық тұрғыдан маңызды. ЭЫҰ-на мүше елдердің сауда айналымының көлемі жылына 60 миллиард долларды құрайды.

ЭЫҰ-ның Бас хатшысы Хади Солтанпур аймақтық бағдарлама кеңесінің 29-шы отырысы аясында бұл ұйымның сауда жұмыстары туралы мәлімет жариялап, әлемнің сауда айналымының 7,7 пайызының бүгінде ЭЫҰ-на мүше елдердің қолында екенін айтты. ЭЫҰ-ның бағдарламасы бойынша, бұл мөлшер 2025-ші жылға дейін 120 миллиард доллардан асады. Бұл мақсатқа жету үшін тарифтерді төмендетіп, инвестицияларды ұлғайтып, жеке сектордың серіктестіктері үшін банктік және валюталық нысандар құрып, олардың жұмыстарын жеңілдетіп, қаржы нарықтарын бір-біріне қосу секілді жұмыстарды атқару қажет.