Зариф: "Тотықұстар" сияқты батыс елдері Нетаньяхумен бағыттас болды
Иран СІМ батыс елдерінің сионистік режиммен бағыттас болғанын сынап: "Сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху үнемі Иранды жою туралы қоқан-лоққы жасап, батыс елдері ойланбастан, оның алаңдаушылықтарын тотықұстай қайталап отырады",- деді.
Мұхаммад Джавад Зариф Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: "Нетаньяхудың өзі ядролық бомба шығаратын зауыттың жанында тұрып, Иранды жою туралы қоқан-лоққы жасайды. Қазір де өзінің басқыншы зымырандары жайлы әшкере түрде сөз қозғай тұра Иранның тежегіш әрі қорғаныстық зымырандарына шағынып отыр. Мамырдың сегізі күні "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан біржақты түрде шыққан АҚШ басқала елдерді де келісімді бұзуға ынталандырды. Вашингтон сондай-ақ, Ираннан үркіту үдерісін тарату барысында Иранның зымырандық бағдарламасын қауіпті етіп көрсетуге күш салды",- деп жазды.
Зариф Иранның зымырандық бағдарламасының қорғаныстық сипаттағы заңды әрі талқыланбайтын мәселе екенін сан рет мәлімдегенін жазды.