Иран президенті ресми сапармен Анкараға аттанады
https://itolqyn.com/news/iran-i40447
ИИР президенті Түркия президентінің шақыруымен екі елдің стратегиялық қарым-қатынастары жөніндегі Жоғары кеңесінің 5-ші отырысына қатысу үшін Анкараға аттанады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 18, 2018 22:32 Asia/Almaty
  • Иран президенті ресми сапармен Анкараға аттанады

ИИР президенті Түркия президентінің шақыруымен екі елдің стратегиялық қарым-қатынастары жөніндегі Жоғары кеңесінің 5-ші отырысына қатысу үшін Анкараға аттанады.

ИИР президенті әкімшілігінің Байланыс және ақпарат тарату бөлімі басшысының орынбасары Парвиз Исмаили Хасан Руханидің сәрсенбі күні жоғары деңгейлі саяси-экономикалық делегацияны бастап, Түркияның астанасы Анкараға екі күндік сапармен аттанатынын мәлімдеді.

Исмаили Иран мен Түркияның стратегиялық қарым-қатынастары жөніндегі жоғары кеңесінің бесінші отырысын екі ел басшыларының басқаруымен ұйымдастыруды осы сапардың ең маңызды бағдарламасы деп атап: "Иран мен Түркияның стратегиялық қарым-қатынастары жөніндегі жоғары кеңес құру туралы идея Руханидың Түркияға алғашқы сапарының нәтижесі болды. Соның негізінде екі ел президенттері құны 30 миллиард долларлық айналымды межелеп отыр.

Руханидың осы жолғы Түркия сапары барысында екі ел президенттерінің қатысуымен саяси, экономикалық және мәдени салалар бойынша маңызды құжаттарға қол қойылады",- деді.