Үндістан мен Иран жақында екі сауда келісіміне қол қояды
(last modified Thu, 20 Dec 2018 07:43:21 GMT )
Жел 20, 2018 13:43 Asia/Almaty
  • Үндістан мен Иран жақында екі сауда келісіміне қол қояды

Үндістанның Ирандағы елшісі Сураб Кумар екі елдің жақында екі сауда келісіміне қол қоятынын, санкциялар кезінде Иранмен саудада рупияны пайдалану механизмінің қарастырылғанын хабарлады.

Сураб Кумар сәрсенбі күні кешке Теһранда «Үндістан – санкциялар аясынан тыс терезе» атты тақырыпта өткен форумда Үндістан экономикасының қозғаушы күшінің ішкі сұраныс екенін айтып: «Өткен 20 жылдың ішінде Үндістанның экспорт және сауда көлемі қатты ұлғайды. Бұл Иран мен Үндістан үшін өзара сауданы одан ары арттыру үшін жақсы мұрсат болып табылады»,‑деді.

Үндістанның Мұнай министрі Дхармендра Прадхан да осыдан бұрын АҚШ‑тың Нью‑Делиден Ираннан мұнай импорттауды тоқтату туралы талабына реакциясында: «Үндістан Ираннан мұнай импорттау мәселесін қарастырғанда өз мүддесіне сай әрекет етеді»,‑деп мәлімдеген болды.  

Үндістан – Иранның шикі мұнайы экспортталатын екінші ел. Бұл ел күніне Ираннан 300000 баррель мұнай сатып алады.