Иранның Барлау министрлігі Нетаньяхудың жалған уәждеріне реакция білдірді
(last modified Thu, 20 Dec 2018 09:26:27 GMT )
Жел 20, 2018 15:26 Asia/Almaty
  • Иранның Барлау министрлігі Нетаньяхудың жалған уәждеріне реакция білдірді

Иранның Барлау министрлігінің тыңшылыққа қарсы департаментінің басшысы сәрсенбі күні ISNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың осы режим қауіпсіздік басшыларының Иранның ядролық бағдарламасын бақылау үшін кезең-кезең қатынап тұратыны туралы сөздеріне реакциясында:

«Нетаньяхудың мұндай ертегіні шығаруға хақысы бар. Өйткені, Израиль министрінің ИИР үшін тыңшылық жасағаны әшкере болған соң оған іштен де, сырттан да қатты қысым жасалып отыр.

Нетаньяху жуырда сионистік режимнің ішкі қауіпсіздік қызметіне 6 ай бойы барлық саяси және қауіпсіздік  қызметкерлері мен Кнессет мүшелерін ИИР‑ның барлау ұйымдарымен байланысы тұрғысынан бірнеше қырдан тексеруге бұйрық берді. Бұл түсіндіруді қажет етпейтін шындықты көрсетіп отыр»,‑деді.