Иран Мәжілісінің бірнеше депутаты Әзірбайжанға сапармен аттанды
(last modified Thu, 20 Dec 2018 18:02:39 GMT )
Жел 21, 2018 00:02 Asia/Almaty
  • Иран Мәжілісінің бірнеше депутаты Әзірбайжанға сапармен аттанды

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісіндегі Гилян облысының депутаттары Әзірбайжанмен сауда қатынастарын арттыру және шекаралық қозғалысты жандандыру мақсатында Бакуге аттанды.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісіндегі Гилян облысы депутаттарының басшысы Вали Дадаши: "Иран мен Әзірбайжан халықтары мәдени, тайпалық, тілдік, саяси және экономикалық тұрғыдан жақсы байланыстарға ие. Иран Әзірбайжан азаматтары үшін визалық режимнің күшін жойып, олардың Астара шекаралық аймағы арқылы Гилян облысына жеңіл әрі шығынсыз келіп-кетуі үшін жағдай жасады",- деді.

Вали Дадаши Астара шекара аймағы тұрғындары үшін 45 шақырымдық шекара бекетін құру мақсатында Әзірбайжан Республикасы Мәжілісінің депуттары және Әзірбайжан Темір жол компаниясының бас директорымен келіссөз өткізу үшін Бакуге сапармен бара жатқанын айтты.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісіндегі Гилян облысы депутаттарының басшысы: "Астара ауданының тұрғындары 45 шақырымдық шекаралық аймақтың құрылып, сол арқылы екі ел арасындағы жан-жақты саяси-мәдени қатынастар деңгейін арттыруды қалайды",- деді.

Әзірбайжан Респуликасымен көршілес орналасқан Гилян облысының солтүстік-батысындағы Бандар-Астара шекаралық ауданы Иранның қозғалысы ең көп шекара аймақтарының бірі саналады. Жыл сайын Астара шекарасы арқылы 800 000-ға жуық ирандық және шетелдік азамат өтеді.