Революция жетекшісі Сарһанги мен Беһбудидің мәдени саладағы жұмыстарына алғыс айтты
(last modified Mon, 24 Dec 2018 09:11:01 GMT )
Жел 24, 2018 15:11 Asia/Almaty

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Сарһанги және Беһбудиге мәдени салада сіңірген еңбектері үшін алғыс айтты.

Хазірет аятолла Хаменеидің еңбектерін сақтау және тарату кеңсесінің хабарлауы бойынша, революция жетекшісінің 2018 жылы қыркүйектің отызы күні "Фарангис" кітабының басылып шығуына атсалысқан тұлғалармен кездесуі аясында Қарсыласу әдебиеті мен өнері орталығының басшысы Мортеза Сарһанги революция жетекшісімен кездесіп, сұхбаттасқан болатын.

Революция жетекшісі кеше жексенбі күні кешке өткен Сарһангидың мәдени саладағы жұмыстарын марапаттау рәсімінде: "Ол кісінің жазған кітаптары шын мәнінде ең үздік шығармалардың қатарына кіреді. Бұл роман емес, естелікнама, бірақ шынымен көркем шығарма саналады",- деді.

Революция мен "Қасиетті қорғаныс" дәуірінің жазушысы Мортеза Сарһанги 1989 жылдан бері Қарсыласу әдебиеті мен өнері орталығында қызмет етіп келеді әрі "Каман" басылымының бас редакторы. Оның жазған еңбектерінің ішінде "Ирак тұтқындарының сөздерінен жазылған таңылған соғыстың құпиялары" атты туындысы қасиетті қорғаныс тақырыбындағы "Жыл кітабы" атағына ие болып, "Жаңбырдың ізімен" атты кітабы баяндама номинациясы бойынша бірінші орынға ие болды.

 

 

 

Тегтер