Иранның жоғары лауазымды тұлғалары аятолла Хашеми Шаһрудидің қазасына көңіл айтты
(last modified Tue, 25 Dec 2018 11:31:22 GMT )
Жел 25, 2018 17:31 Asia/Almaty
  • Иранның жоғары лауазымды тұлғалары аятолла Хашеми Шаһрудидің қазасына көңіл айтты

Иранның Жоғары соты, Мәжіліс Төрағасы мен Сыртқы істер министрі жеке жолдауларында Жүйе мүддесін анықтау алқасының басшысы әрі елдің бұрынғы Жоғары соты аятолла Хашеми Шаһрудидің қазасына байланысты көңіл айтты.

Иранның Жоғары Соты аятолла Садық Амоли Лариджани дүйсенбі күні кешке аятолла Шаһрудидің қайтыс болуына байланысты жолдауында ол кісінің Жоғары сот міндетін атқарған кезде сот билігіне көптеген өзгеріс енгізгеніне тоқталып, Ислам революциясының жетекшісіне көңіл айтты.

Иранның Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани де жолдауында аятолла Шаһрудидің ислам ғылымдары салаларымен қатар Сақшылар кеңесі  мен Сот билігіне үлкен еңбек сіңіргенін атап айтты.    

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф те Жүйе мүддесін анықтау алқасына жіберген жолдауында көңіл айтуымен бірге: «Ғұлама берекеге толы өмірінде діни ғылымдар бойынша сабақ беру және иджихадпен айналысып, саяси салада да белсенділік танытып, Сақшылар кеңесінде қызмет етіп, Сот билігін басқарып, үштік биліктің қарым-қатынасын реттеу және қайшылықтарды шешу Жоғары кеңесінің хатшысы  мен Жүйе  мүддесін анықтау алқасының басшысы міндетін атқарды»,- деді.