Рухани Теһран-Баку байланыстарын жан-жақты нығайтуға мүдделік танытты
ИИР президенті Теһран-Баку байланыстарын жан-жақты нығайтып, екіжақты келісімдерді жүзеге асыруды тездету қажеттігін қуаттады.
Хасан Рухани сейсенбі күні Теһранда Әзірбайжан Республикасы Мәжілісінің төрағасы Октай Асадовпен кездесуінде екі ел байланыстарын кеңейтуді маңызды іс деп атап, Иран мен Әзірбайжан басшыларының талпыныстары мен тығыз байланысының арқасында екі ел арасындағы ынтымақтастықтардың күн сайын дамып келе жатқанын айтты.
Рухани түрлі салалар бойынша, соның ішінде өнеркәсіп, фармацевтика, ғылым мен технология салалары бойынша Иран мен Әзірбайжан қарым-қатынастары мен әріптестігін арттыру қажеттігін қуаттап: "Теһран мен Баку Каспий теңізіндегі энергетикалық ресурстарды пайдалануға қатысты осы салада бірлесіп жұмыс істеу туралы шешім қабылдады. Жауапты тұлғалар келісімдерді жылдам жүзеге асыру үшін талпыныс жасауы керек",- деді. Әзірбайжан Мәжілісінің төрағасы Октай Асадов Теһран мен Баку байланыстары мен әріптестігін әсіресе сауда-экономикалық сала бойынша жан-жақты дамыту жолында талпыныс жасау қажеттігіне тоқталып, Иранның аймақтық және халықаралық мәселелер мен көршілес елдердің территориялық тұтастығы мен егемендігін қорғауға қатысты әдісі мен саясатын құрметтеуге лайық деп бағалады.
Парламенттік делегацияны бастап Теһранға сапармен келген Октай Асадов мұның алдында Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджанимен кездесіп, сұхбаттасқан болатын.