Иран мен Ресей әскери саладағы ынтымақтастықтарын арттырады
https://itolqyn.com/news/iran-i40554-Иран_мен_Ресей_әскери_саладағы_ынтымақтастықтарын_арттырады
Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы мен Ресей Қарулы күштері бас штабы басшысының орынбасары екіжақты әскери ынтымақтастықтарды арттыру қажеттігін қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 26, 2018 09:15 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей әскери саладағы ынтымақтастықтарын арттырады

Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы мен Ресей Қарулы күштері бас штабы басшысының орынбасары екіжақты әскери ынтымақтастықтарды арттыру қажеттігін қуаттады.

Иранның Қарулы күштері бас штабының басшысы генерал-майор Мұхаммад Бағери сейсенбі күні Ресей Қарулы күштері бас штабы басшысының орынбасары вице-адмирал Игорь Осиповпен Теһранда кездесуінде аймақ пен әлемнің қазіргі жағдайына сілтеме жасап: "Иран мен Ресей қарулы күштерінің Сирияда лаңкестікпен күресте табысқа жетіп, лаңкестердің аймақта жеңіліске ұшырауы екі елдің қауіп-қатерлермен күресуде ерік-жігерге ие екенін көрсетеді.

Иран мен Ресейдің геосаяси және геостратегиялық әлеуеттері қос ел қарулы күштерінің ынтымақтастығын арттыруды талап етеді",- деп баса айтты.

Вице-адмирал Осипов Иран мен Ресейдің тарихи қарым-қатынастарына тоқталып, екі елдің әртүрлі аспектілер тұрғысынан ынтымақтастық жасауы үшін көптеген негіздердің бар екенін айтты.

Ресей Қарулы күштері бас штабы басшысының орынбасары, сондай-ақ, ИИР Әскері Теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Хосейн Ханзадимен кездесіп, сұхбаттасты.

Кездесу кезінде еекі жақ екіжақты әскери ынтымақтастықтарды арттырып, ортақ әскери жаттығулар өткізу жайлы пікір алмасты.