Бейбітшілік үдерісіне қарсы кез келген әрекет Ауғанстанның қауіпсіздігіне зиян келтіреді
https://itolqyn.com/news/iran-i40561
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Шамхани Теһранның Ауғанстанның бейбітшілік үдерісін қолдайтынын жариялап, бұл үдеріске қарсы кез келген әрекеттің Ауғанстанның қауіпсіздігі мен тұрақтылығына зиян келтіретінін қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 26, 2018 16:05 Asia/Almaty
  • Бейбітшілік үдерісіне қарсы кез келген әрекет Ауғанстанның қауіпсіздігіне зиян келтіреді

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Шамхани Теһранның Ауғанстанның бейбітшілік үдерісін қолдайтынын жариялап, бұл үдеріске қарсы кез келген әрекеттің Ауғанстанның қауіпсіздігі мен тұрақтылығына зиян келтіретінін қуаттады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани бүгін, сәрсенбі күні Ауғанстанның Ұлттық бірлік үкіметінің атқарушы басшысы Абдолла Абдолламен Кабулдағы  кездесуінде АҚШ-тың тәуелсіз елдерге қарсы дұшпандық әрекеттеріне тоқталып, Вашингтонның аймақтағы стратегиясын үнемі билеп-төстеушілік арқылы елдердің байлығын көбірек талан-таражға салып, өзінен аз шығын шығару деп атап, гибридтік соғыс ашып, лаңкестік-тәкфиршіл топ құрып, оларға қолдау көрсетудің осы салада жобаланғанын айтты.

Шамхани лаңкестіктің құрылуы мен кеңеюіне себеп болатын факторларды тамырымен жою үшін аймақ елдерінің ынтымақтастықтары мен ортақ жобаларын лаңкестікпен күрес саласындағы негізгі әрекет деп атап, Иран, Ресей, Қытай, Үндістан және Ауғанстан елдерінің Ұлттық қауіпсіздік хатшылары мен кеңесшілерінің қатысуымен Теһранда өткен аймақтың қауіпсіздігіне қатысты бірінші басқосудың өтуін бұл саладағы маңызды қадам деп бағалады.