Иранның Талибан тобымен келіссөздері Ауғанстан үкіметінің үйлестіруімен жүзеге асырылып жатыр
(last modified Thu, 27 Dec 2018 08:47:19 GMT )
Жел 27, 2018 14:47 Asia/Almaty
  • Иранның Талибан тобымен келіссөздері Ауғанстан үкіметінің үйлестіруімен жүзеге асырылып жатыр

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің ақпарат хатшысы сәрсенбі күні кешке Иранның Талибан тобымен келіссөздерінің Ауғанстан үкіметінің үйлестіруімен жүзеге асырылып жатқанын айтты.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Кейван Хосрави Иранның 2‑ші телеарнасының «Арнайы ақпараттық сұхбат» атты бағдарламасында: «Осыдан бұрын Иран мен Талибан арасында жүргізілген сұхбаттар Ауғанстандағы әртүрлі тараптардың көзқарастарының жақындай түсуіне көмектесті»,‑деді.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің ақпарат хатшысы Теһранда Талибанмен келіссөздер жүргізудің жалғасатынын, Иранның жуырда бұл жайлы ақпарат тарататынын айтты.

Хосрави, сондай‑ақ, Трамптың америкалық әскерилердің бір бөлігін Ауғанстаннан шығаруға шешім қабылдағанына тоқталып, Иран америкалық әскерилердің Ауғанстаннан шығарылуын осы ел армиясы мен ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға берілген мүмкіндік санайтынын айтты.