АҚШ-тың Таяу Шығыстағы құзыры кикілжіңге себеп болуда
https://itolqyn.com/news/iran-i40607-АҚШ_тың_Таяу_Шығыстағы_құзыры_кикілжіңге_себеп_болуда
ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф "Феникс" ақпарат арнасына берген арнайы сұхбатында басынан-ақ АҚШ-тың Таяу Шығыстағы құзырының заңсыз әрі кикілжің тудыратынына сенімді болғанын мәлімдеп:
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 29, 2018 21:31 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Таяу Шығыстағы құзыры кикілжіңге себеп болуда

ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф "Феникс" ақпарат арнасына берген арнайы сұхбатында басынан-ақ АҚШ-тың Таяу Шығыстағы құзырының заңсыз әрі кикілжің тудыратынына сенімді болғанын мәлімдеп:

"АҚШ әскери кемесінің Парсы шығанағындағы құзыры кикілжің мен қақтығыс тудырады. Америкалықтар Парсы шығанағындағы құзырын арттырған сайын бұл аймақтағы барлық елдер қатерге ұшырайды.

Иран – құдіретті ел. Иран өзінің мүддесін қорғай алады. АҚШ-тың құзырынан зарар көріп отырған – осы аймақ. Америкалықтар Иранға қатер төндіре алмайды",-деді.

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ күштерінің Сириядан шығарылуы туралы: "Біз америкалықтардың қандай бағдарламасы барын білмейміз. Біздің білетініміз, АҚШ-тың аймақтағы саясаты қауіпті. Бұл саясат өзгеруі керек",-деді.