9-шы дей – үмбеттің көрегендігі мен велаятқа адалдығын дәлелдеген күн
https://itolqyn.com/news/iran-i40613-9_шы_дей_үмбеттің_көрегендігі_мен_велаятқа_адалдығын_дәлелдеген_күн
Бүгін, сенбі, 9-шы дей Иранда х.ш.ж.с.б. 1388 жылдың осындай күнгі халықтың революциясы мен мақтаныштар тарихында алтынмен жазылған ерлік күнінің жылдығымен орайлас келіп отыр.
(last modified 2025-12-30T14:26:23+00:00 )
Жел 30, 2018 17:26 Asia/Almaty
  • 9-шы дей – үмбеттің көрегендігі мен велаятқа адалдығын дәлелдеген күн

Бүгін, сенбі, 9-шы дей Иранда х.ш.ж.с.б. 1388 жылдың осындай күнгі халықтың революциясы мен мақтаныштар тарихында алтынмен жазылған ерлік күнінің жылдығымен орайлас келіп отыр.

9-шы дей ерлігі – халықтың тәуелсіздігі, қырағылығы мен айбынының символы. Иран халқы исламның принциптері мен революциялық армандарды сақтау үшін жандарын пида етуге шығып, бар дауыспен "Егер дұшпан біздің дінімізге қарсы тұрса, олардың бүкіл дүниесіне қарсы тұрамыз" деп мәлімдеді.

9-шы дей Ислам революциясының тарихында "Қырағылық" күні ретінде мәңгіге сақталады.  

9-шы дей күнін Алла әскерінің «Шайтан әскерін» жеңген күні деп атауға болады. Бұл күні Иран халқы жаппай көтеріліп, кейбір жалдамалылардың Хосейннің шәһид болған күні діни құндылықтарға құрметсіздік білдіргеніне ашу-ыза білдірді.

Х.ш.ж.с.б. 1388 жылы 9 дей күні (2009 жыл, 30 желтоқсан) Иранның миллиондаған халқы президенттік сайлаудың оныншы кезеңінде заң бұзушылық болды деген сылтаумен бүлік шығарғандар мен қоғамға іріткі салуды көздегендерге қатаң жауап беру үшін шеруге шыққан болатын.