Иран халқы 9-шы дей күні бөгделердің арандатушылық әрекеттеріне мықты соққы берді
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Лариджани: "Иранның мықты халқы 9-шы дей күні бөгделердің азғыруы мен арандатушылық әрекеттеріне мықты соққы берді",-деді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани жексенбі күнгі Мәжілістің ашық жиналысында 9-шы дей күнгі ерлікпен құттықтап: "9-шы дей Иран тарихында халықтың күш-қуатын көрсеткені үшін мәңгіге қалады. Бұл құдірет түйткілдерді жойып, жағдайды анықтап берді.
АҚШ-тың қолдауына ие оппортунистер мықты, қуатты Иранның болғанын қаламайды. Олар елдің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына соққы беруді көздейді",-деді.
Әли Лариджани шетелдіктердің, әсіресе АҚШ-тың 9 дейге дейінгі айларда болған оқиғаларға араласқанына тоқталып: "АҚШ пен кейбір еуропалық елдер Иран халқының мүддесіне соққы беру үшін елдің саясаты мен қауіпсіздігінде жарықшақтың пайда болуын күтіп жүр",-деді.