Ұлыбритания Иранның қарызын қайтаруы керек
https://itolqyn.com/news/iran-i40629-Ұлыбритания_Иранның_қарызын_қайтаруы_керек
ИИР СІМ жексенбі күні ұлыбританиялықтардың 40 жылдан бері Иран халқының ақшасын қайтармағанын, Лондонның Иран халқының ақшасын қайтарудан басқа амалы жоқ екендігін баса айтты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 31, 2018 14:01 Asia/Almaty
  • Ұлыбритания Иранның қарызын қайтаруы керек

ИИР СІМ жексенбі күні ұлыбританиялықтардың 40 жылдан бері Иран халқының ақшасын қайтармағанын, Лондонның Иран халқының ақшасын қайтарудан басқа амалы жоқ екендігін баса айтты.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф "Һамшаһри" газетіне берген сұхбатында Ұлыбританияның Иранға 450 миллионға жуық фунт көлеміндегі қарызына байланысты айтқан сөзінде Теһранның ұлыбританиялықтармен осы қарызды қайтару жайлы келіссөз жүргізгенін, іс-құжаттың сотқа берілгенін, Иранның сот тергеуі кезеңінде жақсы нәтижелерге жеткенін айтты.

Ұлыбританияның Иранға 450 миллион фунт көлеміндегі қайтарылмаған қарызы Иранда ислам революциясы болып, Батыс елдері Иранға қарсы қатаң санкция жариялаған кезде жүзеге асырылмай қалған 1974-1976 ж.ж. Иранға 1500 Chieftain танкісі мен 250 сауытты көлік сату туралы келісімге байланысты.