Лариджани Жүйе мүддесін анықтау алқасының басшысы етіп тағайындалды
Ислам революциясының жетекшісі жарлық шығарып, аятолла Амоли Лариджаниді Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы әрі Сақшылар кеңесі құрамына кіретін факиһ етіп тағайындады.
Революция жетекшісі кеңсесінің ақпарат тарату агенттігінің жексенбі күнгі мәліметі бойынша, революция жеткшісі жарлықта: "Жүйе мүддесін анықтау алқасының ислам республикасының қасиетті жүйесін басқару және нығайтуда атқаратын теңдессіз рөлі мен аятолла Һашеми Шаһрудидің дүниеден озуына байланысты және Жүйе мүддесін анықтау алқасының жұмысын тез арада қалпына келтіру мақсатында аятолла Амоли Лариджаниді Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы әрі Сақшылар кеңесі құрамына кіретін факиһ етіп тағайындаймын.
Алла Тағаладан ол кісі мен әріптестеріне мол табыс сұрап, оларға жан-жақты көмек көрсетуді тілеймін" деді.