Рухани: Армян отандастарымыз елді жанкештілікпен қорғады
ИИР Президенті шәһид Альфред Гобридің отбасымен кездесуінде сөйлеген сөзінде: «Армян отандастарымыз мұсылман халқымен бірге елді жанкештілікпен қорғады. Қазір де жанпидалыққа дайын. Бұл мадақтауға лайық»,- деді.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Хасан Рухани дүйсенбі күні кешке Жаңа жыл қарсаңында шәһид Альфред Гобридің отбасымен кездесуінде шәһидтің ата-анасының сабыры мен жанкештілігін мадақтап: «Перзенттеріңіз елді қорғап, жанкештілік танытты. Перзенттен айрылу оңай болмағанымен, перзенттеріңіздің халық пен отанды қорғау жолында шәһид болғаны бұл жағдайға төзуге көмектеседі»,- деді.
Рухани Иран христиандарын Жаңа жылдың келуімен құттықтап, 2019 жылдың жақсылық пен берекеге толы болуын тіледі.
Шәһид Альфред Гобри 1991-ші жылы 20 жасында Иранның батысындағы Батыс Гилан аймағында мұнафықтардың қолынан қаза болды.