Иран Сыртқы істер министрі Жаңа жылмен құттықтады
Қаң 01, 2019 13:42 Asia/Almaty
Мұхаммад Джавад Зариф Твиттердегі жолдауында әлем халықтарын 2019-шы жылдың басталуымен құттықтады.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф әлемнің түкпір-түкпіріндегі барлық халықтарға Жаңа жылда денсаулық, бейбітшілік пен тыныштық тілеп: «2019-шы жылы жазықсыз ешбір адам қақтығыс, лаңкестік пен қысым салдарынан қаза болмасын, аш қалмасын»,- деп жазды.
Тегтер