АҚШ пен Израиль әлемде оқшау қалды
ИИР Полиция күштері қолбасшысы: «АҚШ пен Израиль әлемде оқшау қалды. Оның айқын үлгісін АҚШ Президентінің Иракқа жасаған жасырын сапарынан көруге болады»,- деді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, елдің Полиция күштерінің қолбасшысы Хосейн Аштари сейсенбі күні Теһранда Палестинаның исламдық жиһад қозғалысыынң Бас хатшысы Зиад ән-Нахалемен кездесуінде: «Үстемшілердің күшінің жалған екендігі әлем халықтары, әсіресе қарсыласу қозғалысы үшін белгілі болды. Иран халқының Палестина халқының жеңісі туралы естіген кездегі қуанышы Иран жауынгерлерінің сегіз жылдық қасиетті соғыс кезіндегі жеңістері туралы хабарды есігендей болды. Иран әрқашан Палестина халқының сионистік қылмыскерлерге қарсы табандылығын қолдайды»,- деді.
Зияд ән-Нахале де қарсыласу қозғалысының жеңістері мен жетістіктерінің ИИР-на борыштар екенін айтып: «Аймақтың кейбір мемлекеттеріне керісінше, Иран – қарсыласу қозғалысының қасынан табылатын жалғыз ел. Дұшпандардың қарсыласуға соққы беруіне қарамастан қозғалыс жақсы жетістіктерге жетті»,- деді.