Иран Парсы шығанағындағы қауіпсіздік интеграциясын қуаттады
Аймақтағы оқиғалар бөгделердің Парсы шығанағындағы араласу істерінің дағдарыс тудыратынын, аймақтың кейбір елдеріндегі саяси тұрақсыздығының ұжымдық қауіпсіздк үшін қоқан-лоққы болатынын көрсетті.
Иран Қарулы күштері Бас штабының басшысы генерал-майор Мұхаммад Бағери дүйсенбі күні елдің оңтүстігіндегі Абу Мұса аралындағы әскери нысанды аралау барысында: "Аймақ қауіпсіздігі тек аймақтың барлық елдерінің күшімен қамтамасыз етіледі, бөгделердің араласуы бұл мақсатқа зиян тигізеді",- деп қуаттады.
Бірақ, АҚШ аймақтағы әскери құзыры мен Ираннан үркіту саясатын күшейтіп, Иран мен аймақ елдері арасындағы қарым-қатынастарға қайшылық тудыруды көздеп отыр. Бұл стратегия бойынша АҚШ Иран мен шекаралас елдер арасындағы қауіпсіздік интеграциясына қарсы және үнемі Иранды аймақ үшін қоқан-лоққы деп атайды. Негізінде, АҚШ-тың өзі қауіпсіздік орнатуды сылтауратып, аймақ істеріне араласып отыр. АҚШ-тың аяғы тиген кез келген жерде бейберекеттік болады. Бейберекеттіктерді Сирия, Ирак, Ауғанстан және Парсы шығанағынан байқауға болады. АҚШ-тың аймақтағы араласуы ұзақ мерзімді әрі теріс тұрғыдан екі әсері болды: бірінші әсері қару-жарақ бәсекелестігі болды. АҚШ-тың, әсіресе Трамптың билігі кезіндегі ең маңызды мақсаты қару-жарақ бәсекелестігін бастап, қару сатып, аймақ қауіпсіздігін АҚШ-қа тәуелді ету; екінші теріс әсері – АҚШ-тың аймақтағы араласуы аймақтың қарым-қатынасына сызат түсіріп, қауіпсіздік интегерациясын АҚШ-тың мүдделеріне сай ету. Мұндай жағдайда Парсы шығанағы аймағының маңызды мәселесі ұжымдық қауіпсіздікке сүйенген аймақтық қауіпсіздікке жету саналады.
АҚШ Трамптың көздеген саясаттарымен Иранды аймақтың қауіпсіздік байланыстарынан алып тастауға талпынуымен бірге Ормұз бұғазының қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылықтарға себеп болуда. Бірақ, Иран АҚШ-қа өз әрекеттерін іске асыруға рұқсат етпейді.
Өткен аптада АҚШ-тың ұшақ тасығыш кемесі Парсы шығанағына енді. "Спутник" ақпарат агенттігі Батыс ақпарат құралдарында жарық көрген хабарларға сүйеніп: "Парсы шығанағына енген АҚШ-тың ұшақ тасығыш USS John C. Stennis кемесі Американың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейінгі бұл суларға енген бірінші әскери кемесі болды",- деп жазды.
Ислам революциясы Сақшылар корпусының Теңіз күштернің қолбасшысы адмирал Әлиреза Тангсири америкалық кеменің Парсы шығанағына енуі туралы: "Иран үнемі оларды бақылауда ұстайды, әрі бөгде күштердің әрекеттерінен толық хабардар",- деді.
Иранның қауіпсіздікті қорғау әрекеті жоғары деңгейде. Бұл күш-қуат еш уақытта аймақтың қауіпсіздігіне қарсы қоқан-лоққы болған емес. Өйткені, Иранның әскери доктринасы бейбітшілік орнатуды көздейді. Генерал-майор Мұхаммад Бағеридің сөзі бұл тақырыпты растайды. Иран Қарулы күштерінің Бас штабы басшысы аймақтың кейбір мемлекеттерінің АҚШ-пен ынтымақтастық жасауының мақсаттары Батыс Азияда бүлік тудыру екені туралы анық жолдауды жеткізетінін айтып: "Иранның аймақтағы дұшпандары Ислам республикасының бейбітшілік талап ететін әскери доктринасымен бірге өзінің територриялық тұтастығын қорғау қажет жағдайда ұсыныс берген елдерді де теріс салдарларға жауапты деп санайтыны туралы білгені жөн",- деп қуаттады.