Зариф АҚШ пен Израильдің ЮНЕСКО-дан шығуына реакция білдірді
ИИР Сыртқы істер министрі сейсенбі күні кешке АҚШ пен сионистік режимнің ЮНЕСКО ұйымынан шығуына реакция білдірді.
Pars Today сайтының мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф Твиттердегі парақшасында АҚШ Президенті Дональд Трамптың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы, «NAFTA», «ТрансАтлант Сауда және инвестиция келісімі» және климатқа қатысты «Париж конвенциясы» сияқты халықаралық келісімдерден шыққанын еске салып: «Трамп үкіметі мен оған тәуелді режимнің шықпаған ұйымы қалды ма? Олар енді лер құрлығынан да шығатын болар?»,- деп жазды.
АҚШ пен сионистік режим сейсенбі, 2019-ші жылдың бірінен бастап, ресми түрде ЮНЕСКО-дан шықты. ЮНЕСКО 2017-ші жылдың қаңтар айының 4 күнгі қарарында: «Израильдің қасиетті Құдс қаласын иемденетін еш құқығы жоқ»,- деп жазған болатын.