Каспий жағалауы елдері СІМ орынбасарларының отырысы 2016 жылдың маусым айында Теһранда өтеді
https://itolqyn.com/news/iran-i4069
Иран Сыртқы істер министрінің Азия және Тынық мұхит елдері жөніндегі орынбасары 2016 жылдың маусым айында Теһранда Каспий жағалауы елдерінің Сыртқы істер министрлері орынбасарларының 45-ші отырысы өтетінін хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 10, 2016 15:21 Asia/Almaty
  • Каспий жағалауы елдері СІМ орынбасарларының отырысы 2016 жылдың маусым айында Теһранда өтеді

Иран Сыртқы істер министрінің Азия және Тынық мұхит елдері жөніндегі орынбасары 2016 жылдың маусым айында Теһранда Каспий жағалауы елдерінің Сыртқы істер министрлері орынбасарларының 45-ші отырысы өтетінін хабарлады.

Иран Сыртқы істер министрінің Азия және Тынық мұхит елдері жөніндегі орынбасары Ибрахим Рахимпур ISNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Каспий жағалауы елдерінің Сыртқы істер министрлері орынбасарларының 45-ші отырысында кеме қатынасы, балық шаруашылығы, транзит сияқты мәселелер мен басқа да қалған тақырыптар талқыланатын болады»,-деп мәлімдеді.

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Каспий теңізінің бейбітшілік пен достық теңізі болуы және оның байлығының әділ бөлінуі қажеттігін айтып: «Теһран отырысында айқындалған критерийлер бойынша Каспий теңізі жағалауы елдерінде ауызбіршілік болуы керек» деді.