Иранның зымырандық әлеуеті АҚШ-қа қатысты емес
(last modified Fri, 04 Jan 2019 12:59:52 GMT )
Қаң 04, 2019 18:59 Asia/Almaty
  • Иранның зымырандық әлеуеті АҚШ-қа қатысты емес

ИИР-ның ғылыми жетістіктері, олардың ішінде ғарышқа жерсеріктерін жіберу мен зымырандық әлеуетін арттыруы тағы АҚШ басшыларын реакция білдіруге мәжбүрледі.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео бейсенбі күні Иранға ғарыш және зымырандық бағдарламаларын дамытуына байланысты ескерту жасап, баллистикалық зымырандарға қатысты барлық жұмысын тоқтатуды талап етті. АҚШ Мемлекеттік хатшысының уәждері бойынша, Иранның зымырандық бағдарламасы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231-ші қарарын бұзады-мыс. Майк Помпео сондай-ақ: «Иранның ғарыш бағдарламасында пайдаланатын технологиясы – баллистикалық зымырандарды дамытуға пайдаланылатын технология»,- деген уәж айтты. АҚШ басшыларының бұл ұстанымы жаңа тақырып емес әрі соңғы рет айтылып отырған жоқ. АҚШ-тың қазіргі үкіметі үнемі Иранға қарсы дұшпандық ұстаным білдіріп, әртүрлі сылтаулармен Иранның ғарыш және зымырандық жетістіктерін нысанаға алып, оларды әлем үшін қоқан-лоққы деп көрсетуге әрекет жасап келеді. Иран халқы мен жүйесіне қарсы дұшпандықтан тамырланған АҚШ-тың бұл ұстанымы өткен 40 жылда әртүрлі жолдармен іске асырылмақ болды. Иран Ислам революциясының 40 жылдығы   қарсағында АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандығы шегіне жетті.

Иранның әртүрлі, әсіресе ғарыш пен зымыран саласындағы дамуы АҚШ-тың санкция салу саясатының  нәтижеге жетпегенін көрсетеді. Дәл осы мәселе америкалық басшылардың ашу-ызасына себеп болғандықтан олар Иранның зымырандық бағдарламасын әлем үшін қоқан-лоққы деп көрсетуге әрекет жасап жатыр.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы атаған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231-ші қарары Иранға зымырандық сынақ өткізуге тыйым салмайды, сондай-ақ ғарыш саласында да Иранға қарсы ешбір әлемдік шектеу қойылмайды. АҚШ Мемлекеттік хатшысы өз елінің үкіметі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығып, оның саяси кепілі болған №2231-ші қарарды бұзып отырған жағдайда Иранды қарарды бұзды деп айыптауда.

Осы салада Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні АҚШ Мемлекеттік хатшысының уәждеріне реакция білдіріп: «Иранның зымырандық сынақтары мен жерсерігін ұшыруы Қауіпсіздік кеңесінің №2231-ші қарарына қайшы келмейді. АҚШ-тың өзі аталмыш қарарды бұзды. Сондықтан бұл елдің басқаға ақыл айтып немесе айыптайтын жөні жоқ»,- деді.

Қорғаныстық күш-қуат, әсіресе зымырандық құдырет – елдің әлеуетіне әсер ететін факторлардың бірі. Иран бұл салада өзінің жергілікті күшіне сүйеніп, дамыды. Бүгін Иранның зымырандық күш-қуаты елдің територриялық тұтастығын қорғау саласындағы сенімді фактор. Иранның қорғаныс әлеуеті қорғаныстық мақсатты көздейтіндіктен  аймақтың ешбір еліне қауіп-қатер төндірмейді. Қорғаныс әлеуетін күшейту – әр мемлекеттің, соның ішінде ИИР-ның да заңды құқығы. Бұл саладағы АҚШ-тың қысымдары Иранды шегінуге мәжбүрлей алмайды. Иранның зымырандық күш-қуаты Ислам революциясының өткен 40 жылғы жетістіктерінің бірі болып, Иранды бұл салада құдыретті мемлекеттердің қатарына қосты. Осыған орай Ислам революциясы Сақшылар корпусы қолбасшысының саяси істер жөніндегі орынбасары Ядалла Джавани бейсенбі күні Исфаһан облысының ерікті күштерінің мәдени қызметкерлерінің отырысында зымырандық күш-құдырет тұрғысынан ИИР-ның әлемнің үздік төрт мемлекетінің бірі екенін мәлімдеді.