Пәкістанның бейбітшілік және достық флоты Бандар-Аббасты айлақтады
https://itolqyn.com/news/iran-i40738
Бірнеше кеме мен эсминецтерден тұратын Пәкістанның бейбітшілік және достық флоты Иранның оңтүстігіндегі Бандар-Аббасты айлақтады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 06, 2019 23:40 Asia/Almaty
  • Пәкістанның бейбітшілік және достық флоты Бандар-Аббасты айлақтады

Бірнеше кеме мен эсминецтерден тұратын Пәкістанның бейбітшілік және достық флоты Иранның оңтүстігіндегі Бандар-Аббасты айлақтады.

ИИР Армиясы Теңіз күштерінің "Бірінші имамат" аймағының қолбасшысы Моджтаба Мұхаммади Пәкістанның бейбітшілік пен достық флотын қарсы алу рәсімінде: "Бұл флоттың Иранға келуінің мақсаты – екі көршілес әрі мұсылман елдер арасындағы әскери қарым-қатынастарды дамыту. Пәкістанның бейбітшілік және достық флоты Бандар-Аббасты айлақтауымен тұспа-тұс екіжақты кезедулермен бірге екі ел теңіз күштерінің арасында мәдени және оқыту бағдарламалары өтеді. Сондай-ақ, флоттың студенттерін Бандар-Аббас қаласы мен Қешм аралын аралатамыз",- деді.

Моджтаба Мұхаммади Иран мен Пәкістан қарым-қатынастарының артуына сілтеме жасап: "Қарым-қатынастарды сақтап, одан әрі арттыру үшін Иран Армиясының Теңіз күштері де осы уақытқа дейін Пәкістанның порттарын  көп рет аралады"- деді.