Теһранда атақты палестиналық ақын шәһид Гасан Кенфаниді еске алу рәсімі өтті
https://itolqyn.com/news/iran-i40743-Теһранда_атақты_палестиналық_ақын_шәһид_Гасан_Кенфаниді_еске_алу_рәсімі_өтті
Теһранда Палестинаның атақты ақыны, жазушы әрі тілші болған шәһид Гасан Кенфаниді еске алу рәсімі өтті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаң 07, 2019 14:54 Asia/Almaty
  • Теһранда атақты палестиналық ақын шәһид Гасан Кенфаниді еске алу рәсімі өтті

Теһранда Палестинаның атақты ақыны, жазушы әрі тілші болған шәһид Гасан Кенфаниді еске алу рәсімі өтті.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Палестинаның Ирандағы елшісі Салах әз-Завави осы рәсімде шәһид Гасан Кенфанидің өміріне тоқталып: «Марқұмнан 18-ден астам кітап пен жүздеген мақала қалды. Бұл еңбектерде ол палестиналықтарға өз жерлерін сионистік режимнің басқыншылығынан азат ету жолдарын баяндаған»,-деді.

«Палестинаны азат ету» халықтық майданының негізін қалаушылардың бірі болған Гасан Кенфани 1972 жылы 8 шілдеде Ливанның астанасы Бейрутте сионистік режимнің тыңшылық ұйымы Моссад тарапынан ұйымдастырылған лаңкестік жарылыс салдарынан шәһид болды.