Иран мен Франция арасында діни диалогтың бірінші кезеңі өтті
Дүйсенбі күні Теһранда Иранның Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымы мен Францияның католик христиандары ұйымы арасында діни диалогтың бірінші кезеңі өтті.
Екі күндік диалогта «Мұсылмандар мен католик христиандардың қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәтіндері», «Қатігездік пен экстремизм – қоршаған ортаның бұзылу факторы», «Діни басшылардың қоршаған ортаны сақтаудағы жауапкершілігі қандай?» және «Денсаулық пен қоршаған ортаның тұрақтылығы жолында қалай жұмыс істеуге болады?» деген тақырыптар талқыланады.
Иранның Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымы Абузар Ибрахими Түркаман Иран мен Франция арасында діни диалогтың бірінші кезеңі аясында Франция католиктері делегациясымен кездесуінде әртүрлі діндерді ұстанушылар арасында діни диалогқа жағдай жасау қажеттігін қуаттады.
Францияның католик университеттері кеңесінің басшысы кардинал Джин Нуэль Авелин кездесуде Иран мен Франция арасында иман мен тату тіршілік негізінде діни диалог өткізуге мүдделік танытты.