Зариф: "Соқырлардың жерінде тіпті VR көзілдірік кигендер де соқыр болып қалады"
ИИР Сыртқы істер министрі дүйсенбі күні VR көзілдіріктерін киген АҚШ Президенті Дональд Трамп пен кеңесшілерінің суреттерін жариялап: «Ақ үйдің аймақтағы саясаттары сәтсіздікке ұшырады» деп жазды.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф Твиттердегі парақшасында суретті жариялап: «Бұл суреттің айтары көп дейді. Алайда, бұл сурет АҚШ-тың Таяы Шығыс аймағындағы бірнеше онжылдық саясатының сәтсіздікке ұшырағанын білдіреді. Соқырлар жерінде тіпті VR көзілдірік кигендер де соқыр болып қалады»,- деп жазды. Зариф бұдан бұрын: «Трамптың уәждері АҚШ үкіметінің қылмыскер сионистік режим мен аймақтың диктатуралық режимдерін қолдауын, лаңкестік топтар құрып, оларды күшейту секілді шындықтың қасында АҚШ үкіметінің әлемдіктердің алдында одан бетер оқшау қалғанынан басқа еш нәрсені білдірмейді»,- деген болатын.