Зариф: АҚШ шынайы сыртқы саясатты Ираннан үркітумен алмастырып жатыр
Қаң 09, 2019 13:06 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың шынайы сыртқы саясатты Ираннан қорқытумен алмастырып жатқанын қуаттады.
Мұхаммад Джавад Зариф Твиттердегі парақшасында: "АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мен Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік істері жөніндегі кеңесшісі Джон Болтонның Иранға қатысты күдіктері психологиялық тұрғыдан науқас адамдардың әрекеттеріне ұқсас",- деп жазды.
Ираннан үркіту мақсатында аймақ елдеріне сапармен аттанған АҚШ Мемлекеттік хатшысы мен Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік істері жөніндегі кеңесшісі өткен күндері Иранға қарсы дәлелденбеген уәждерін қайталады.
Тегтер