Зариф АҚШ-тың "Ираннан қорқыту" саясатын сипаттады
https://itolqyn.com/news/iran-i40783-Зариф_АҚШ_тың_Ираннан_қорқыту_саясатын_сипаттады
"АҚШ шынайы сыртқы саясатты Ираннан қорқытумен алмастырып жатыр".
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 09, 2019 16:04 Asia/Almaty
  • Зариф АҚШ-тың

"АҚШ шынайы сыртқы саясатты Ираннан қорқытумен алмастырып жатыр".

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Твиттердегі парақшасында: "АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мен Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік істері жөніндегі кеңесшісі Джон Болтонның Иранға қатысты күдіктері психологиялық тұрғыдан науқас адамдардың әрекеттеріне ұқсас",- деп жазды.

Зарифтың твиті – АҚШ-тың Иранға қатысты сыртқы саясатын тұспалдап сипаттау. Ираннан үркіту мақсатында аймақ елдеріне сапармен аттанған АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео сейсенбі күні Йорданияда Иранға қарсы негізсіз уәждерін қайталады. Помпео Омандағы ақпарат отырысында да аймақтағы Иранның теріс ықпалымен қарсыласу туралы қуаттады.  

Халықаралық қауымдастықтың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын толық іске асыруды қуаттауына қайшы АҚШ науқас адамның әрекеті секілді қатынасын аймақ пен әлемнің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне көмектесуді көздейтін дипломатия ретінде көрсетуге талпыныс жасап жатыр. Бірақ олардың саясатына жасаған шолу істерінің сөздеріне қайшы екенін көрсетеді.

АҚШ Ираннан үркіту саясатымен Теһранға қарсы тұруды көздейді. Алайда бұл стратегия тек Трамптың билігіне ғана қатысты емес. Ислам революциясы жеңіске жеткеннен бері Ираннан үркіту ағымы пайда болып, Американың Иранға қарсы "жұмсақ соғысы" ретінде қалыптасты. Революцияның экспортының қатері туралы уәждер лаңкестікті Ислам революциясының ой-пікіріне сай көрсетуді көздейді. Иранның бейбіт мақсатты ядролық жұмыстары туралы уәждер Израильдің ядролы ққаруларының қатерін жасыру мақсатында айтылып жатыр. Сондай-ақ, «Иран аймақты бейберекеттіктермен бетпе-бет келтірді» деген бос сөздер де АҚШ-тың аймақтағы сыртқы саясаты құралдарының бірі  болып табылады.

Трамп үкіметінің өткен екі жылда Иранды қоқан-лоққы деп көрсетуі Сауд Арабиясы  мен Израильдің ынтымақтастығыымен іске асырылды. Олардың қастандықтарында ядролық мәселе мен Ираннан үркіту АҚШ-тың сыртқы саясатының негіздері ретінде белгіленді.

Таяу Шығыс мәселелерінің сарапшысы Владимир Сажин: "АҚШ Сауд Арабиясы мен Израиль тарапынан күшейіп келе жатқан Ираннан үркіту саясатына шырмалды",- деді. Негізінде, аймақ АҚШ-тың ұзақ мерзімді, шығыны мол әрі шынайы қоқан-лоққысымен бетпе-бет келіп отыр. Бұл қоқан-лоққының тамыры АҚШ-тың сыртқы саясатында. Бірақ, Америка өзінің бүлдіргі рөлін Иранды қатерлі етіп көрсету арқылы жасырғысы келеді.

Шынтуайтында, АҚШ-тың Иранға қарсы саясатын сараптаған кезде, тіпті, Трампқа жақын орталар өздерінің стратегиялық пікірталастарында Иранды АҚШ үшін шынайы қатер санамайды. АҚШ жылдар бойы Иранды «ақылсыз», «араласушы» және «болжауға келмейтін ойыншы» деп айыптап келеді. Бұл – Иранның шынайы бейнесін теріс көрсетудің салдары. Алайда бүгін Трамптың өзі саясатымен әлемге АҚШ-тың шынайы жүзін көрсетті.