Исфаһанда Иран Әуе күштерінің әскери жаттығулары басталды
Иранның орталығындағы Исфаһан облысында ИИР Әуе күштерінің "Рухани жетекшінің жолында жанын қиюшылар-97" атты 8-ші әскери жаттығулары басталды.
ИИР Әскері Әуе күштері қолбасшысының орынбасары бригада генералы Хамид Вахеди "Велаят-97" атты әскери жаттығлары барысында сөйлеген сөзінде әскери жаттығулардың бірінші күні F5 және жергілікті "Сайеқе" ұшақтары болжамды дұшпанның маңызды нысандарын, атап айтқанда ұшып-қону жолақтары мен радиолокациялық станцияларды, зымыран ұшыру платформаларын, шайқас аймағындағы қару-жарақ қоймаларын жойғанын мәлімдеді.
Бригада генералы Вахеди атыс қуаты және құрлық пен әуедегі жылжымалы және тұрақты нысандарға тию дәлдігінің артуын, жоғары қиратушы қуатқа ие құрал-жабдықтарды пайдалануды осы жаттығудың оң тұстары деп атады.
Әуе күштерінің "Велаят-97" әскери жаттығуын ұйымдастыру комитетінің баспасөз хатшысы бригада генералы Әлиреза Ангизе жаттығуларда алғаш рет Иран Әскері Әуе күштерінің ұшқышсыз ұшақтарды қолданғанын айтып: "Ұшқышсыз ұшақтар – толығымен жергілікті өнімдер. Олар дұшпанның қуатты әуе шабуылдарына қарсы қорғаныс жүйесіне әсер ету мақсатында өндірілді",- деді