Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының имамы: "ИИР жүйесі мен Қарсыласу майданы үстемшіл әлемді таңырқатты",- деді.
Ходжат ул-ислам уәл-муслемин сейіт Мұхаммад Хасан Абуторабифард осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында үстемшіл әлемді әрекет етуден қалдырған ИИР жүйесі мен Қарсыласу майданын ізгі амалдың нәтижесі деп атады.
Ол адамгершілік пен исламдық принципке негізделген қоғамды дамытып, нығайтып, күшейту үшін экономика саласына ерекше көңіл бөлу қажеттігін баяндап: "Егер адамгершілік пен исламдық принципке негізделген қоғам барлық салалар бойынша саналы түрде нақты мақсатқа қарай қадам басып, даму мен ілгерілеуді ғана ойласа, оның көзқарасы батыс әлемінің даму туралы көзқарасынан өзгеше болады",- деді.