Ғасеми: №2231 қарар Иранның зымырандық бағдарламасына тыйым салмайды
(last modified Sat, 12 Jan 2019 07:02:52 GMT )
Қаң 12, 2019 13:02 Asia/Almaty
  • Ғасеми: №2231 қарар Иранның зымырандық бағдарламасына тыйым салмайды

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Франция СІМ баспасөз хатшысының Иранның зымырандық бағдарламасы туралы айтқан сөзіне реакциясында №2231 қарардың Иранның қалыпты, қорғаныстық және ғылыми мақсаттағы зымырандық бағдарламасына тыйым салмайтынын мәлімдеді.

Бахрам Ғасеми жұма күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Иранның зымырандық бағдарламасы жайлы №2231 қарарынан бұрыс қорытынды жасауға бағытталған талпынысын жауапсыз әрекет деп атап, Францияның "Ортақ қадамға" қарсы тараптардың бұрыс уәждерін қайталамайтынын күтетіндерін айтты.

Ғасеми Иранның зымырандық бағдарламасын қорғаныстық, ұлттық, қалыпты және заңды сипатқа ие деп атап, оны Иран халқының табиғи құқығы деп баса айтты.

Франция СІМ-нің баспасөз хатшысы Агнес фон Мюлл жуырда Иранның зымырандық бағдарламасының БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарымен үйлеспейтінін айтқан болатын.