Зариф: Иран бұрынғыдан бетер мықты елге айналды
ИИР-нің СІМ жұма күні кешке Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында АҚШ-тың Польшаның астанасы Варшавада Иранға қарсы отырыс ұйымдастыру жоспарына білдірген реакциясында: "АҚШ-тың Иранға қарсы жуырдағы қойылымына қатысқан адамдар өлгендер немесе абыройларынан айрылған немесе қудаланғандар",- деп жазды.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойыннша Мұхаммад Джавад Зариф Иранның бұрынғыдан бетер мықты елге айналғанын айтты.
Иран СІМ сөзінің жалғасында Варшаваны Иранға қарсы отырысты ұйымдастыруға келіскені үшін сынап: "Польша үкіметі бұл масқаралығын жуып-шая алмайды. Иран Польша азаматтарын Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде құтқарды. Сол ел бүгінде Иранға қарсы нәтижесіз циркті ұйымдастырмақ болып отыр",- деді.
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео жұма күні Вашингтонның Варшавада 13-14 ақпан күндері Иран мәселесі жайлы отырыс ұйымдастыруды жоспарлап отырғанын хабарлады.