Әуе күштерінің "Велаят-97" әскери жаттығулары – елдің тежегіш қуатының көрсеткіші
(last modified Sat, 12 Jan 2019 11:12:04 GMT )
Қаң 12, 2019 17:12 Asia/Almaty
  • Әуе күштерінің

Иран Әскері Әуе күштерінің VIII " Велаят-97" әскери жаттығулары Иранның орталығындағы Исфаһан қаласында өтті. Екі күндік жаттығулар отандық қару-жарақтарды пайдалану арқылы шынайы соғыс жағдайында өтті.

Жұма күні жаттығулардың соңғы кезеңінде ирандық қырғи ұшақтарды ұшырып, жетілдірілген Maverick зымырандарын ату амалдары сәтті жүзеге асырылды.

Жаттығу барысында F5 және жергілікті "Сайеқе" ұшақтары мен ауыр бомбалаушылар болжамды дұшпанның ұшып-қону жолақтарын, радиолокациялық станцияларын, зымыран ұшыратын платформалары мен қару-жарақ қоймаларын жойды. Басқарылатын авиациялық және нүктелі нысаналарға арналған бомбалар және Иранда шығарылған зымырандармен жабдықталған F5 ұшақтары жаттығулар кезінде алғаш рет болжамды дұшпанның маңызды нысандарын жаңа тәсілдер бойынша жойды.

Қауіпсіздік сақтаудағы ең маңызды алғышарт дұшпанның қауіп-қатерлерімен күресу үшін қорғаныстық және тежегіш дайындықты пайдалану болып табылады.

Иран Қорғаныс министрі бригада генералы Амир Хатами өткен жексенбі күні Фарс облысының орталығы Шираз қаласында сөйлеген сөзінде: "Иранның тежегіш күші сәт сайын жаңартылып, бақыланып тұруы тиіс. Егер дұшпандар Иранның позициясының әлсіз екенін сезсе, олар Қасиетті қорғаныс кезеңіндегідей қастандық әрекеттерін ИИР-на әскери шабуыл түрінде жүзеге асырады. Аймақтан тыс күштердің араласуы аймақтағы тұрақтылықты бұзып отырған негізгі факторлардың бірі",- деді. Сонымен қатар, кейбір аймақ үкіметтерінің әскери тәуелділігі, хабарсыздығы мен алдануы секілді жайттар да аймақта тынышсыздық пен қауіп-қатерлердің қалыптасуына айтарлықтай әсер еткен. Мұндай жағдайда ықтималды шабуылдарға қарсы толық дайындықта болу кез келген елдің қарулы күштерінің қажеттілігінің бірі болып табылады. Аймақтық және аймақтан тыс қауіп-қатерлердің өте көп болуына байланысты бұл мәселе Иран үшін ауада қажет.

ИИР жүйесі бір кезде Саддам режимі тарапынан басқыншылыққа тап болды. Сол кезеңдегі тәжірибе басқыншымен күресіп, қауіп-қатерлерді алыстату үшін қарапайым әскери әлеуеттерді жетілдіру қажеттігін көрсетті. Иранның Әуе күштері бұл салада үлкен жетістіктерге қол жеткізді.

Иран Әскері Әуе күштерінің қолбасшысы бригада генералы Азиз Насирзаде жұма күні әскери жаттығу аяқталғаннан соң тілшілерге берген сұхбатта ИИР Әскері Әуе күштерінің кез келген қауіп-қатерге жауап беруге дайын екендігін мәлімдеді.

Америкалық Hudson ғылыми орталығы Иранды әлемде жаңадан пайда болған сегізінші алпауыт мемлекет деп атады.

Иран аймақта елеулі рөл атқаруы арқылы аймақта қауіпсіздік пен тұрақтылық орнатуда өзінің әскери қуатын пайдаланатынын көрсетіп, әсірешілдік және лаңкестікпен күресіп, қауіп-қатерлерді жою қажет болған жағдайда көмекке келді. Иранның ДАИШ және Сириядағы лаңкестік топтармен күрестегі теңдессіз жетістіктері, Иракқа лаңкестермен күресу үшін әскери кеңес беру түріндегі көмегі Иранның әскери және тежегіш қуатының тұрақтылық пен қауіпсіздік орнату үшін көмектесудегі жауапкершілігімен қатар жүретінін көрсетті.

 

 

Тегтер