Иран Теңіз күштерінің қырағылығы елдің территориялық суларына шабуыл жасауға рұқсат бермейді
ИИР армиясы Теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Ханзади Иран Теңіз күштері қырағылығының елдің территориялық суларына дұшпанға шабуыл жасау туралы ойлауы мен олардың аяқтарын шалыс басуына рұқсат бермейтінін баса айтты.
Адмирал Хосейн Ханзади Иранның Young Journalists Club агенттігіне берген сұхбатында: «Теңіз күштері су беті мен астындағы, жағалаулар мен аспандағы әртүрлі сатыларда айбынды құзырға ие әрі тәулік бойы аймақты бақылап отыр»,-деді.
Адмирал Ханзади ИИР аумағындағы теңіз аймақтары қауіпсіздігінің толық қамтамасыз етілгенін айтып: «ИИР армиясының Теңіз күштері Парсы шығанағы, Ормоз бұғазы мен Оман теңізінің қауіпсіздігін тек Иран үшін ғана қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен қатар теңіз жолдары мен құқықтары туралы халықаралық заңдарға сәйкес осы аймақты пайдаланатын барлық елдердің тыныштығын қамтамасыз етеді»,-деді.