Қаң 13, 2019 19:52 Asia/Almaty
  • Джаһангири аймақ елдері арасындағы Иранның әлеуетін қуаттады

Иран Вице-президенті: "Америкалықтар дәрменсіздіктерінен еуропалық мемлекеттердің бірінде Иранға қатысты "Таяу Шығыс" тақырыбында конференция ұйымдастырып, Иран халқын өздерінің талаптарына бағындырамыз деп ойлайды",- деді.

Исхақ Джаһангири жексенбі күні Иранның орталығындағы Кашан қаласында өндірістік және инфрақұрылымдық жобалардың тұсаукесер рәсімінде АҚШ-тың Иранның мұнай экспортының алдын алу және елге тауар импортын тоқтату бойынша қастандықтарының сәтсіздікке ұшырағанына тоқталып: "Америкалықтар Иран халқымен қарсыласу жобасын іске асыру саласында қиындықтарға тіреліп, Иран халқына қарсы экономикалық соғыс жүргізіп жатыр. Америкалықтар қолдарынан келген барлық санкцияны салды. Тіпті, Иранға инвестиция салғысы келген компаниялардың көбіне қоқан-лоққы жасады. Бүгін Иран аймақтың басқа елдерімен салыстырғанда өте жақсы өнеркәсіптік әлеуетке ие",- деді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео өткен жұма күні Вашингтонның ақпанның 13-14 күндері Варшавада Иранға қатысты отырыс өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады.   

 

 

Тегтер