Қаң 14, 2019 15:14 Asia/Almaty

Иран Әскерінің қоғаммен байланыс қызметі мәлімдеме жариялап: "Бүгін, дүйсенбі күні таңертең ет тиелген жүк тасымалдаушы 707 ұшағы Қырғызстанның Бішкек әуежайынан Теһранның батысындағы Альборз облысындағы "Фатһ" әуебазасынан шұғыл қонуға рұқсат сұрап, қону кезінде ұшу жолағынан шығып кетті.

Жүк тасымалдаушы ұшақ ұшу жолағының соңында орналасқан дуалға соғылғаннан кейін өртенген».

Оқиғаға байланысты Иранның Төтенше жағдай ұйымының баспасөз өкілі Моджтаба Халеди: "Ұшақта 16 адам болған. Соның ішінде жеті адамның мәйіті табылды. Ұшақтың бортинженері тірі, ол ауруханаға жеткізілді",- деп мәлімдеді.

 

 

Тегтер