Революция жетекшісі ұшақ апатына байланысты көңіл айтты
Қаң 15, 2019 17:36 Asia/Almaty
Ислам революциясының жетекшісі ИИР Әскері Әуе күштерінің қызметкерлері болған ұшақ апатына байланысты көңіл айтты.
Хазірет аятолла Хаменеи өз жолдауында Иран Әуе күштері қызметкерлері отырған ұшақ құлап, экипаж мүшелерінің қаза болуына байланысты жақындары қаза тапқан отбасылар мен Әскер мен Әуе күштерінің қайғысына ортақтасып, көңіл айтып, жауапты тұлғаларды бұл жағдайға себеп болған ықтималды қателіктер мен кемшіліктерді анықтауға міндеттеді.
ИИР Әскерінің 707 Boeing ұшағы дүйсенбі күні таңертең Қырғызстаннан қайтқан кезде апатқа ұшырап, Теһранның батысындағы Альборз облысының "Фатһ" әуебазасына қонар сәтте құлаған болатын.
Апат салдарынан 15 адам қаза болды.
Тегтер