Иран жерсерігін ұшыратын технологияға ие 5 елдің қатарына кіреді
(last modified Wed, 16 Jan 2019 08:10:23 GMT )
Қаң 16, 2019 14:10 Asia/Almaty
  • Иран жерсерігін ұшыратын технологияға ие 5 елдің қатарына кіреді

Иранның Ғарыш ұйымының ғарыш технологиясын дамыту бөлімінің Бас директоры Моджтаба Серадеқи елінің 500 километр биіктікке жерсерігін ұшыру саласында 100 килограммнан артық салмақтағы жерсеріктерін жасау әлеуетіне жеткенін хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Моджтаба Серадеқи: "Иран салмағы 500 килограмм кішкентай жерсеріктерін жасайтын жетістікке жетті. 500 километрге жететін жерсерігін ұшырып, толығымен жергілікті жерсеріктерге ие болу саласында маңызды қадам жасалды. 300 секундтің ішінде жерсерік арқылы жақсы мәліметтер алдық. Бұл Иранның Амир Кабир университетінің ғалымдары жасаған жобаның дұрыстығының белгісі. Бүгінде 150-200 килограммдық жерсеріктерін жасаумен айналасып жатырмыз. Иран алыстан бақылау және байланыс орнату жұмыстары үшін қолданылатын жерсеріктерін шығаратын мүмкіндікке ие",- деді.

 

 

Тегтер